Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ KZ2C00010338 (IDFRb5) облигацияларының шығарылым аңдатпасын өзгерістермен тіркеді

26.01.24 16:37
/KASE, 26.01.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ (Астана) KZ2C00010338 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, IDFRb5; 1 000 теңге, 232,0 млрд теңге; 15 жыл; жылдық купон, жылдық 12,50 %; 30/360) облигацияларының Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024 жылғы 22 қаңтарда тіркеген шығарылым аңдатпасын өзгерістермен және бұрын берілген облигациялар шығарылымын өзімен ауыстыратын облигациялар шығарылымының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін KASE-ге ұсынды. Аталған құжаттарға сәйкес: - облигациялар шығарылымының саны мен көлемінің азаюына байланысты куәлік ауыстырылды; - облигациялар саны 232,0 млн данадан 190,0 млн данаға дейін азайды; - шығарылым көлемі 232,0 млрд теңгеден 190,0 млрд теңгеге дейін азайды; - сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері жылдық 12,50 %-дан жылдық 13,15 %-ға өзгерді. Аталған облигациялар шығарылымының аңдатпасы өзгертулермен мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/emitters/IDFR/idfrf9_IDFRb5_izm_220124.pdf [2024-01-26]