"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ Moody's Investors Service агенттігің компанияның рейтингтік бағаларын растағаны туралы хабарлады, болжам "Позитивті"

15.02.24 10:35
/KASE, 15.02.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз "Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), KASE-ге ұсынған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы 2024 жылғы 9 ақпанда Moody's халықаралық рейтингтік агенттігі ҚМГ-ның «Baa2» деңгейіндегі кредиттік рейтингін, «позитивті» болжамын растады деп хабарлайды. Рейтингтік әрекет Moody's-тің мемлекетке байланысты эмитенттерге арналған бағалау әдістемесіне өзгерістер енгізілгеннен кейін пайда болды. дәйексөздің соңы Толық ақпарат орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_rating_090224_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_rating_090224_88.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_rating_090224_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-02-15]