23 ақпаннан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында купондарды төлеу мерзімділігі және "Ел Орда Арнау" ЖШС KZ2P00009996 (EOARb1) облигацияларының айналым мерзімі туралы ақпарат өзгертіліп, олармен сауда-саттық қайта басталады

22.02.24 15:26
/KASE, 22.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылғы 23 ақпаннан бастап KASE сауда жүйесі мен деректер базасында "Ел Орда Арнау" ЖШС (Астана) KZ2P00009996 облигациялары бойынша мынадай ақпарат (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, EOARb1; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 05.09.23 – 05.09.25; жылдық купон, жылдық 25,00 %; 30/360): - купондарды төлеу кезеңділігі жылына бір реттен жылына екі ретке өзгерді; - облигациялардың айналым мерзімі екі жылдан үш жылға өзгерді 23 ақпаннан бастап KASE-де аталған облигациялармен сауда-саттық қайта басталады, олар 2024 жылдың 01 ақпанынан бастап тоқтатылды. Көрсетілген облигациялар шығарылымының аңдатпасы өзгертулермен орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/EOAR/eoarf9_EOARb1_izm_210224.pdf Бұған дейін осы тақырып бойынша KASE 2024 жылғы 22 қаңтарындағы "01 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында "Ел Орда Арнау" ЖШС KZ2P00009996 (EOARb1) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылады" тақырыбындағы жаңалығы жарияланған болатын– https://kase.kz/ru/news/show/1514610/ [2024-02-22]