28 ақпаннан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында "Алтын Сапа ALM" ЖШС купондарды төлеу мерзімділігі және KZ2P00009962 (ALSPb1) облигацияларының айналыс мерзімі туралы ақпарат өзгертілді және олармен сауда-саттық қайта басталды

28.02.24 10:37
/KASE, 28.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 28 ақпанынан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында "Алтын Сапа ALM" ЖШС (Алматы) KZ2P00009962 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, ALSPb1; 1 000 теңге, 6,0 млрд теңге; 05.09.23 – 05.09.25; жылдық купон, жылдық 25,00%; 30/360) облигациялары бойынша келесі ақпараттың өзгергенін хабарлайды: - купондарды төлеу кезеңділігі жылына бір реттен жылына екі ретке өзгерді; - облигациялардың айналым мерзімі екі жылдан үш жылға өзгерді. 28 ақпаннан бастап KASE-де аталған облигациялармен сауда-саттық қайта басталды, сауда-саттық 2024 жылдың 01 ақпанынан бері тоқтатылған болатын. Өзгертулер енгізілген облигациялар шығарылымының проспектісі – https://kase.kz/files/emitters/ALSP/alspf9_ALSPb1_izm_260224.pdf орналастырылған. Осыған дейін осы тақырып бойынша KASE-нің 2024 жылдың 22 қаңтарындағы "01 ақпаннан бастап KASE-де "Алтын Сапа АLМ" ЖШС-нің KZ2P00009962 (ALSPb1) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылады" атты жаңалығы жарияланған болатын – https://kase.kz/kz/news/show/1514609/ [2024-02-28]