А.Е. Джабаев "First Heartland Jusan Bank" АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды

01.03.24 16:22
/KASE, 01.03.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "First Heartland Jusan Bank" АҚ (Алматы) KASE-ге Директорлар кеңесінің 2024 жылдың 28 ақпанындағы шешімімен Банк Басқармасы Төрағасының міндетін атқарушы болып А.Е. Джабаев тағайындалғанын хабарлады. Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "First Heartland Jusan Bank" АҚ Басқармасының құрамында төрт адам бар: О.А. Туманова, А.Е. Джабаев, Ш.Ж. Шерматов, Е.Е. Аргинов. Ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbn_board_changes_280224_.pdf [2024-03-01]