KASE Басқармасы JET Group Ltd. жеке компаниясының KZX000001870 (JETGe1) облигацияларын баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

06.03.24 10:54
/KASE, 06.03.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2024 жылдың 05 наурызында JET Group Ltd. (Астана) жеке компаниясының KZX000001870 (3,0 млрд теңге; 21.12.23 – 21.12.26; тоқсандық купон, жылдық 20,75 %; 30/360) облигацияларын баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға JETGe1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. JET Group Ltd. жеке компаниясының негізгі қызметі – холдингтік компаниялардың қызметі. Аталған облигациялар "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шығарылды. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады. [2024-03-06]