26 наурыз күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 28 наурызда болатын МЕУКАМ-84 19-шы шығарылымын (KZKD00001244, MUM084_0019) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

26.03.24 15:15
/KASE, 26.03.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 28 наурызында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-84 19-шы шығарылымының (KZKD00001244, MUM084_0019) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 99,9397 % (кірістілік – жылдық 12,00 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны бойынша жалпы сомасы 11 112 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 28 наурызда болатын МЕУКАМ-84 19-шы шығарылымын (KZKD00001244, MUM084_0019) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1517924/ [2024-03-26]