26 наурыз күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 28 наурызда болатын МЕУКАМ-168 бесінші шығарылымын (KZKD00001111, MUM168_0005) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

26.03.24 15:17
/KASE, 26.03.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 28 наурызында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-168 бесінші шығарылымының (KZKD00001111, MUM168_0005) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 88,7900 % (кірістілік – жылдық 12,15 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны бойынша жалпы сомасы 16 559 894 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 28 наурызда болатын МЕУКАМ-168 бесінші шығарылымын (KZKD00001111, MUM168_0005) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1517927/ [2024-03-26]