06 Мамырда "First Heartland Jusan Bank" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді

03.04.24 14:21
/KASE, 03.04.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "First Heartland Jusan Bank" АҚ (Алматы) KASE-ге мынадай хабарлама берді: дәйексөздің басы "Jusan Bank" АҚ "Jusan Bank" АҚ-тың акционерлеріне 2024 жылғы "06" мамырда, Алматы қаласының уақытымен 11 сағат 00 минутта "Jusan Bank" АҚ акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысының мына мекенжай бойынша өткізілетінін хабарлайды: A26F8T9, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй, "Балқаш" конференц-залы. Жоғарыда көрсетілген жиналыс "Jusan Bank" АҚ Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақыртылып жатыр және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 1-тармағы мен 3 тармағының 3) тармақшасына және 53- бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өткізіледі. Акционерлердің жылдық Жалпы жиналысының күн тәртібі "Jusan Bank" АҚ Директорлар кеңесімен қалыптастырылды және келесі мәселелерді қамтиды: 1. "Jusan Bank" АҚ акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы. 2. Тәуелсіз аудитордың аудиторлық есебімен қоса "Jusan Bank" АҚ-тың 2023 жыл үшін жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігін бекіту туралы. 3. "Jusan Bank" АҚ-тың өткен қаржылық 2023 жыл үшін таза табысын бөлу тәртібін және "Jusan Bank" АҚ бір жай акциясына есеппен дивиденд мөлшерін бекіту туралы. 4. "Jusan Bank" АҚ-тың Директорлар кеңесі және атқарушы органы мүшелерінің 2023 жыл үшін сыйақы мөлшері және құрамы туралы ақпаратты қарастыру туралы. 5. 2023 жылдағы "Jusan Bank" АҚ және оның лауазымдық тұлғаларының ісәрекеттеріне қатысты акционерлердің мәлімдемелері және оларды қарастыру нәтижелері жөнінде ақпаратты қарау туралы. 6. "Jusan Bank" АҚ акционерлерінің 12.12.2022 жылғы кезектен тыс Жалпы жиналысында бекітілген "First Heartland Jusan Bank" акционерлік қоғамының Жарғысына №1 Өзгертулер мен толықтыруларды бекіту туралы. 7. "First Heartland Jusan Bank" акционерлік қоғамының Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту туралы және "Jýsan Bank" АҚ Жалғыз акционері бекіткен (17.04.2020 жылғы № 170420/А хаттама) "First Heartland Jýsan Bank" акционерлік қоғамының Корпоративтік басқару кодексін және "First Heartland Jusan Bank" акционерлік қоғамының акционерлерінің 27.04.2023 жылғы кезектен тыс Жалпы жиналысымен бекітілген "Jusan Bank" АҚ қызметі туралы ақпаратты акционерлерге ұсыну тәртібін күшін жойған деп тану туралы. 8. "Jusan Bank" АҚ Директорлар кеңесі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту және "Jýsan Bank" АҚ Жалғыз акционері бекіткен (04.09.2020 жылғы № 040920/А хаттама) "First Heartland Jýsan Bank" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы ережені күшін жойған деп тану туралы. 9. "Jusan Bank" АҚ Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы.". дәйексөздің соңы Хабарламаның қазақ және орыс тілдеріндегі толық нұсқасы жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbn_relizs_030424_1.pdf [2024-04-03]