/KASE, 03.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 08 сәуірінде
"Биржалық симулятор" жобасы шеңберінде оқу сауда-саттықтарының ресми
ашылу рәсімі өтетінін хабарлайды.
Оқу сауда-саттықтары 2024 жылдың 31 мамырына дейін өткізіледі.
"Биржалық симулятор" жобасының мақсаты Қазақстан Республикасы
халқының қаржылық сауаттылығын арттыру болып табылады. Оқу сауда-
саттығына Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері және
барлық тілек білдірушілер қатыса алады.
Жоба KASE Mobile мобильді қосымшасы – оқу сауда-саттық жүйесінде
сауда-саттық форматында іске асырылды. Жобаға қатысушылар 60-тан
астам құралға инвестиция сала алады және жергілікті компаниялардың ғана
емес, сонымен қатар халықаралық танымал брендтердің де акцияларын
сатудың практикалық дағдыларын ала алады.
Тіркелу үшін электрондық нысанды толтыру қажет –
https://kase.kz/ru/exchange-simulator/registration/
KASE Mobile арқылы қосылу жөніндегі нұсқаулық мына сілтеме бойынша
қолжетімді
https://kase.kz/files/presentations/ru/KASE_Mobile_2021.pdf
Қосымша ақпарат алу үшін bs@kase.kz немесе customers@kase.kz
электрондық пошта мекен-жайларына хабарласыңыз.
"Биржалық симулятор" жобасы туралы қосымша ақпарат мына сілтеме
бойынша қолжетімді
https://kase.kz/ru/events/show/2024/KASE_simulator_2024_ru/
[2024-04-03]