"ForteBank" АҚ 03 сәуірде өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары туралы хабарлады

03.04.24 14:48
/KASE, 03.04.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ForteBank" АҚ (Астана) KASE-ге 2024 жылдың 03 сәуіріндегі баспасөз мәлімдемесін ұсынды, онда мыналар хабарланады: дәйексөздің басы "ForteBank" АҚ (бұдан әрі – "Банк") оның атқарушы органының (Басқарманың) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 8/1, 2024 жылғы 03 сәуірде Астана қаласы уақытымен сағат 10.00-нан 11.00-ге дейін келесі мекенжайда өткен: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Астана қаласы, Достық көшесі, 8/1, 8-қабат, "Astana" мәжіліс-залы, Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысындағы (бұдан әрі – "Жиналыс") дауыс беру қорытындысы туралы хабарлайды. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес Жиналыста келесі сұрақтар қаралды және дауыс беру нәтижелері бойынша келесі шешімдер қабылданды. * * * Күн тәртібінің 1-сұрағы "ForteBank" акционерлік қоғамының 2023 жылға арналған қызметінің қорытындылары туралы ақпаратты назарға алу туралы» "ForteBank" акционерлік қоғамы қызметінің 2023 жылғы нәтижелері туралы ақпаратты назарға алу.. * * * Күн тәртібінің 2-сұрағы «"Е. Абдразақов, Е. Оспановтың және М. Мырзабековтың Банктің Директорлар кеңесінің мүшелері ретінде өкілеттігін тоқтату туралы" 1. 1. 2024 жылғы 03 сәуірде Ельдар Советұлы Абдразақовтың Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде – Банктің тәуелсіз директоры өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын. 2. 2. 2024 жылғы 03 сәуірде Еран Маратұлы Оспановтың Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі, Б.Ж.Өтемұратовтың мүдделерінің өкілі, Банк акционері ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын. 3. 3. 2024 жылғы 03 сәуірде Марлен Оразбекұлы Мырзабековтің Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі, Б.Ж.Өтемұратовтың мүдделерінің өкілі, Банк акционері ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын. * * * Күн тәртібінің 3-сұрағы "Банктің Директорлар кеңесінің сандық құрамын айқындау, оның мүшелерін сайлау, сондай-ақ Банктің директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақыларының мөлшерін айқындау туралы" 1.Бес адамнан тұратын Банктің Директорлар кеңесінің құрамы айқындалсын, оның ішінде: 1)Банк акционерлерінің өкілдері ретінде Директорлар Кеңесінің екі мүшесі; 2)Банктің тәуелсіз директорлары ретінде Директорлар кеңесінің үш мүшесі. 2.2024 жылғы 03 сәуірден бастап Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі – Банктің тәуелсіз директоры болып Федор Викторович Попандопуло сайлансын. 3.2024 жылғы 03 сәуірден бастап Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі – Банктің тәуелсіз директоры болып Ерлан Төлегенұлы Тұяқбаев сайлансын. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің қазақ және орыс тілдеріндегі толық нұсқасы орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_relizs_030424_1.pdf [2024-04-03]