10 сәуірден бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00011004 (EABRb50) облигациялары Т+ Тізіміне енгізілді

09.04.24 16:05
/KACC, 09.04.24/ – KASE Клиринг орталығы (KACC) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 10 сәуірінен бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен жасалатын мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) Еуразиялық даму банкінің KZ2D00011004 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb50) дисконттық облигациялары енгізілетін болады. Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf [2024-04-09]