16 сәуір күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 18 сәуірде болатын МЕУКАМ-72 15-ші шығарылымын (KZKD00001251, MUM072_0015) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда- саттық өтті

16.04.24 15:15
/KASE, 16.04.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-72 15-ші шығарылымын (KZKD00001251, MUM072_0015) орналастыру арнайы мамандандырылған қайталама сауда- саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 100,0950 % (кірістілік – жылдық 11,96 %) мөлшерінде қалыптасқан кесімдеу бағасымен номиналды құны бойынша жалпы сомасы 21 927 968 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 18 сәуірде болатын МЕУКАМ-72 15 шығарылымын (KZKD00001251, MUM072_0015) орналастыру бойынша есептеулермен арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1519160/ [2024-04-16]