16 сәуір күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 18 сәуірде болатын МЕУКАМ-96 11-ші шығарылымын (KZKD00001095, MUM096_0011) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда- саттық өтті

16.04.24 15:17
/KASE, 16.04.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-96 11-ші шығарылымын (KZKD00001095, MUM096_0011) орналастыру арнайы мамандандырылған қайталама сауда- саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 95,0615 % (кірістілік – жылдық 11,90 %) мөлшерінде қалыптасқан кесімдеу бағасымен номиналды құны бойынша жалпы сомасы 5 491 116 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 96,5303 % құрады (кірістілік – жылдық 11,45 %). Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 18 сәуірде болатын МЕУКАМ-96 11-ші шығарылымын (KZKD00001095, MUM096_0011) орналастыру бойынша есептеулермен арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/news/show/1519161/ [2024-04-16]