16 сәуір күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 18 сәуірде болатын МЕУКАМ-168 бесінші шығарылымын (KZKD00001111, MUM168_0005) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда- саттық өтті

16.04.24 15:25
/KASE, 16.04.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-168 бесінші шығарылымын (KZKD00001111, MUM168_0005) орналастыру арнайы мамандандырылған қайталама сауда- саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 88,7913 % (кірістілік – жылдық 12,15 %) мөлшерінде қалыптасқан кесімдеу бағасымен номиналды құны бойынша жалпы сомасы 30 105 633 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 18 сәуірде болатын МЕУКАМ-168 бесінші шығарылымын (KZKD00001111, MUM168_0005) орналастыру бойынша есептеулермен арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/news/show/1519170/ [2024-04-16]