Қазақстан Қаржы министрлігі 16 сәуір күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-72 15-ші шығарылымын (KZKD00001251, MUM072_0015) өтеуге кірістілігі жылдық 11,96 %-бен орналастыра отырып, 22,2 млрд теңге тартты

18.04.24 17:34
/KASE, 18.04.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 16 сәуірінде Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-72 15-ші шығарылымын (KZKD00001251, MUM072_0015) орналастыру арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2024 жылдың 18 сәуірінде облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 22 248 481 798,9 теңгені құрады. KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 16 сәуір күні Қазақстан қор биржасында 21,9 млн МЕУКАМ-72 15-ші шығарылымын (KZKD00001251, MUM072_0015) өтеуге кірістілігі жылдық 11,96 %-бен орналастырды" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1519274/ [2024-04-18]