"BASS Gold" ЖШС KZ2P00011141 (FPSTb4) облигациялары балама алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

22.04.24 17:00
/KASE, 22.04.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 22 сәуірінде "BASS Gold" ЖШС (Ұлытау облысы) KZ2P00011141 ($100, $10,0 млн; 2 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 12,00%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға FPSTb4 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-04-22]