23 сәуірден бастап "BASS Gold" ЖШС KZ2P00011141 (FPSTb4) облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

23.04.24 10:00
/KASE, 23.04.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 22 сәуірінде "BASS Gold" ЖШС (Ұлытау облысы) KZ2P00011141 (FPSTb4; $100, $10,0 млн; 2 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 12,00%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 23 сәуірінен бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/FPSTb4/ [2024-04-23]