23 сәуір күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 25 сәуірде болатын МЕУКАМ-168 үшінші шығарылымын (KZKD00000949, MUM168_0003) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

23.04.24 15:18
/KASE, 16.04.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-168 үшінші шығарылымын (KZKD00000949, MUM168_0003) орналастыру арнайы мамандандырылған қайталама сауда- саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 31 110 068 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 81,5244 % (кірістілік – жылдық 12,20 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа өлшенген таза баға номиналдың 81,7468 % құрады (кірістілік – жылдық 12,15%). Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 25 сәуірде болатын МЕУКАМ-168 үшінші шығарылымын (KZKD00000949, MUM168_0003) орналастыру бойынша есептеулермен арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/news/show/1519758/ [2024-04-23]