"ҚазТрансОйл" АҚ мұнайды тасымалдау көлемі 2024 жылдың бірінші тоқсанында 10 %-ға ұлғайды

24.04.24 15:42
/KASE, 24.04.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 24 сәуіріндегі баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы Есепті кезеңде "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша жеке 11 млн 379 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2023 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда 1 млн 30 мың тоннаға артық. "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнайды тасымалдау көлемі 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 27 мың тоннаға ұлғайып, 4 млн 327 мың тоннаны құрады. "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС 1 млн 414 мың тонна, "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС – 1 млн 360 мың тонна жеткізілді, "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС – 1 млн 458 мың тонна, "CASPI BITUM" БК" ЖШС – 95 мың тонна. "Өзен-Атырау-Самара" магистральдық мұнай құбырының "Атырау-Самара" учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 2 млн 514 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылғы 1 тоқсандағы көрсеткіштен 105 мың тоннаға артық. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_240424_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_240424_.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_240424_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-04-24]