30 сәуір күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-72 15-ші шығарылымын (KZKD00001251, MUM072_0015) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

30.04.24 15:06
/KASE, 30.04.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-72 15-ші шығарылымының (KZKD00001251, MUM072_0015) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 98,9110 % (кірістілік – жылдық 12,25 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны бойынша жалпы сомасы 3 444 046 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 99,4384 % құрады (кірістілік – жылдық 12,12 %). Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-72 15-ші шығарылымын (KZKD00001251, MUM072_0015) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1520456/ [2024-04-30]