/KASE, 02.05.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) компания Басқармасының
2024 жылдың 25 сәуіріндегі шешімімен 2023 жыл бойынша жалғыз акционеріне
тиесілі 43 080 300 000 теңге мөлшеріндегі таза табысты бөлудің келесі
тәртібі бекітілгенін KASE-ге хабарлады:
- 20 565 903 358,8 теңге компанияның жалғыз акционеріне дивидендтер
төлеуге жіберілсін;
- 22 514 396 641,92 теңге жобаларды іске асыру үшін компанияның
иелігінде қалдырылсын.
Аталған ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_other_accidents_250424_1019.pdf
[2024-05-02]