03 мамырдан бастап "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі"АҚ облигацияларының бес шығарылымы негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

03.05.24 16:55
/KASE, 03.05.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының Листингілік комиссиясы (KASE) 2024 жылдың 02 мамырында "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) келесі облигацияларын негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: - KZ2C00010353 (BTRKb10, 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 5 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалады; 30/360); - KZ2C00011211 (BTRKb11, 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 5 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалады; 30/360); - KZ2C00011229 (BTRKb12, 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 1 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалады; 30/360); - KZ2C00011237 (BTRKb13, 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 1 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалады; 30/360). - KZ2C00011245 (BTRKb14, 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 1 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалады; 30/360). Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 03 мамырынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланған – https://kase.kz/kz/issuers/BTRK/ [2024-05-03]