"BASS Gold" ЖШС өзінің KZ2P00009707 (FPSTb1) облигацияларының
өтелгені туралы хабарлады
04.05.24 11:25
/KASE, 04.05.24/ – "BASS Gold" ЖШС (Ұлытау обл.) Қазақстан қор
биржасына (KASE) 2024 жылдың 03 мамырында өзінің KZ2P00009707
(FPSTb1) облигацияларын өтеу туралы хабарлады, оның шеңберінде
көрсетілген облигациялар бойынша соңғы – төртінші купондық сыйақы
төленді.
Аталған хабарламаға сәйкес, аталған облигациялар бойынша төлемдердің
жалпы сомасы 10 268 750,18 АҚШ доллар құрады, оның ішінде негізгі қарыз
(облигациялардың жалпы номиналды құны) – 10 000 000 АҚШ доллар,
төртінші купондық сыйақы – 268 750,18 АҚШ доллар.
[2024-05-04]