"KMF (ҚМФ)" микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің KZ2P00011299 (MFKMb4)
облигациялары негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты
бойынша KASE-де листинг рәсімінен өтті
04.05.24 16:44
/KASE, 04.05.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы
2024 жылдың 04 мамырында "KMF (ҚМФ)" микроқаржы ұйымы" ЖШС-
нің (Алматы) KZ2P00011299 облигациялары (1 000 теңге, 20,0 млрд теңге;
360 күн; жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы
сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады;
30/360) негізгі алаңнын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша
KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланады.
Аталған облигациялармен KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланады.
Аталған облигацияларға MFKMb4 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат
Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында
жарияланады.
[2024-05-04]