06 мамырдан бастап "KMF (КМФ)" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00011299 (MFKMb4) облигациялары негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

06.05.24 10:22
/KASE, 06.05.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2024 жылдың 04 мамырында "KMF (КМФ)" Микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің (Алматы) KZ2P00011299 облигациялары (MFKMb4; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 360 күн; жылдық купон; орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады; 30/360) негізгі алаңын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады, Басқарманың бұл шешімі 2024 жылдың 06 мамырынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/bonds/show/MFKMb4/ [2024-05-06]