/KASE, 14.05.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық
міндеттемелері МЕУКАМ-72 15-ші шығарылымының (KZKD00001251,
MUM072_0015) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған
қайталама сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 97,5193 % (кірістілік –
жылдық 12,60 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны
бойынша жалпы сомасы 28 563 936 000 теңгеге өтінімдерді
қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған
таза баға номиналдың 97,7167 % құрады (кірістілік – жылдық 12,55 %).
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-
саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру
бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек
жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 16 мамырда болатын
МЕУКАМ-72 15-ші шығарылымын (KZKD00001251, MUM072_0015)
орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық
өткізілді" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1521116/
[2024-05-14]