Халықтық IPO

IPO және "Халықтық IPO"

IPO (Initial Public Offering) классикалық түрде – акционерлік қоғамның акцияларын саны шектелмеген тұлғалар арасында бастапқы көпшілік сатылымы. Акциялар алғашқы рет (IPO өзі) немесе акционерлерге ұсынылуы мүмкін (SPO). Екі жағдайда да, әдетте, IPO аббревиатурасы қолданылады.

Әдетте, IPO ақша тарту үшін өткізіледі. IPO (нақтырақ айтқанда SPO) механизмі компаниядан ірі акционерді шығару үшін сирегірек қолданылады. "Халықтық IPO" өткізгенде ауқымды мақсаттар қойылады. Атап айтқанда, 2011 жылдың күзінде қабылданған, Қазақстандағы "Халықтық IPO" үкіметтік бағдарламасы:
  • республика азаматтарына еліміздің ірі компанияларының акцияларын иелену мүмкіндігін беруге,
  • тұрғындардың қаражаттарын инвестициялауға және ұлғайта түсірудің жаңа құралын құруға,
  • бағалы қағаздар нарығын әрі қарай дамытуға,
  • компаниялардың инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында қосымша қаржыландыру көздерін тартуға бағытталған.

"Халықтық IPO"-дағы биржаның атқаратын рөлі

Қазақстандағы "Халықтық IPO" ұйымдастырушыларының қойған мақсаттарына сәйкес, бұл бағдарламаны Қазақстан қор биржасының (KASE) технологиялық және инфрақұрылымдық мүмкіндіктерінің негізінде жүзеге асыру қажет. Бірақ биржа "Халықтық IPO" барысындағы акцияларға жазылудың механизмдерін әзірлеу және техникалық қамтамасыз етуінде ғана өзекті рөл атқарады. Бағдарламаның басқа бөлімдерінде KASE өзінің әдеттегі қызметін атқара отырып:
  • компанияларға:
    • бағалы қағаздардың биржаның сауда-саттық алаңында айналысқа жіберілуіне рұқсат алуға;
    • ұйымдастырылған нарықта жазылу арқылы немесе ашық сауда-саттықта бағалы қағаздарды орналастыруға;
    • биржаның инфрақұрылымын пайдалана отырып, өз қызметі туралы ақпаратты ашуға;
  • инвесторларға:
    • орналастырған кезде листингілік компаниялардың бағалы қағаздарын сатып алуға;
    • биржа мүшелері арқылы бағалы қағаздардың сауда-саттығына қатысуға;
    • биржалық нарықта болып жатқан барлық уақиғалар туралы ақпараттардың толық кешенін алып тұруға мүмкіндік береді.

"Халықтық IPO"-ға қалай қатысуға болады

"Халықтық IPO"-ға қатысу үшін инвестициялардың негізгі ережелерімен, сауда-саттықтың механизмдерімен және ерекшеліктерімен, сондай-ақ осы сұрақтарды реттейтін заңнамамен танысу қажет. Осындай заңшығарушы актілерге ең кемінде "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдарының акциялар пакетін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама), Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" және "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңдары жатады.

Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке тұлғалар биржада тек биржа мүшелері арқылы сауда-саттыққа қатыса алады. Сондықтан бір немесе бірнеше инвестициялық компанияларды таңдап, солармен тікелей немесе, осы бағдарлама шегінде "Қазпошта" АҚ рөлін атқаратын, трансферт-агент арқылы байланыс жүргізу қажет.

Бағдарлама шегінде инвестициялау сұрақтары бойынша мемлекет, инвестициялық компаниялар және биржа оқыту және ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізеді.

Мәселені зерттеуді алдымен "Самұрык-Қазына" ҰӘҚ" АҚ арнайы осы үшін жасаған ресми сайтымен – www.halyk-ipo.kz танысудан бастаған дұрыс. Осында Бағдарламаға қатысудың қадамдық нұсқаулығы берілген толық ақпараттар бар.

Бұдан басқа KASE сайтында Жарияланымдар бөлімінде осы тақырыпта қызықты материалдар бар – мақала KASE Вице-президенті Андрей Цалюк "Капитал" газетіне берген "Халықтық IPO"-ға қатысу" сұхбатының интернет-нұсқасы орналастырылған.

Бағдарламаға табысты қатысу үшін қор нарығында инвестициялау тәжірибесін дербес түрде зерттеудің барлық мүмкіндіктерін пайдалану және, осы бағдарламаның қатысушылары көпшілікке арнап ұйымдастыратын, түрлі іс-шараларға қатысу өте маңызды.

21.11.14

20.11.14

19.11.14

18.11.14

17.11.14

12.11.14

11.11.14

10.11.14

07.11.14

04.11.14

03.11.14

21.10.14

01.10.14

01.10.14

24.04.13

15.04.13

01.03.13

25.02.13

11.01.13

06.12.12

26.11.12

16.11.12

16.11.12

08.11.12

08.11.12

06.11.12

06.11.12

06.11.12

06.11.12

05.11.12

31.10.12

25.09.12

21.08.12

15.08.12

Бағдарламаның негізгі әзірлеушілері мен ұйымдастырушылары "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі болып табылады.

"Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) – Бағдарламаға техникалық, технологиялық және ақпараттық (өз өкілеттілігі мен мүмкіндіктері шегінде) қолдау көрсетеді.

Бағалы қағаздардың эмитент – компаниялары – акциялары, Қазақстан Үкіметі белгілеген кезектілікке сәйкес, биржа арқылы жазылу бойынша Қазақстан тұрғындарына сатылатын, акционерлік қоғамдар. Бұл компаниялар мұқият зерттеу негізінде Бағдарламаға қатысу үшін арнайы іріктелген.

Компаниялардың "Халықтық IPO"-ға шығуының келесідей тәртібі ұсынылады: Брокерлік компаниялар - KASE қор нарығының мүшелері – IPO жүргізуге бағалы қағаздардың эмитенттеріне, сондай-ақ тұрғындарға Бағдарлама барысында акциялар сатып алуда көмек көрсететін,инвестициялық компаниялар.

"Халықтық IPO"-ға қатысуға ниеттенгендерге брокерлік компанияларда алдын ала есеп шоттарын ашу нұсқаланады. Олардың тізімін осы жерде қарауға болады, бірақ тек KASE қор нарығының мүшелеріне ғана хабарласуыңыз қажет.

"Қазпошта" АҚ – "Халықтық IPO"-ға тұрғындардың қатысуын қамтамасыз ететін, бағдарламаның ресми трансфер-агенті. Пошта бөлімшелері арқылы брокерді таңдап, онымен келісім-шарт жасасып, акция сатып алуға өтінім беруге болады.

Инвесторлар – Бағдарлама шегінде, акцияларды орналастырғанда, оларды сатып алуға айрықша құқығы берілетін, Қазақстан Республикасының азаматтары.
Бұл бөлімде Бағдарламаға қатысушылардың және басқа да құзыретті органдардың инвестициялау, қаржылық сауаттылықты арттыру сұрақтары бойынша өткізетін пайдалы және қызықты іс-шаралар туралы ақпараттар және т.б. орналастырылған.

Қазақстан қор нарығының Ашық есік күні, 19 мамыр 2012 жыл

KASE номинацияларының дипломанттары (2011 жылдың қорытындысы бойынша ең көзге түскен биржи мүшелері)

KASE номинацияларының дипломанттары (2011 жылдың қорытындысы бойынша үздік листингілік компаниялар)
"Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы "KEGOC" АҚ:

"KEGOC" АҚ инвестициялық меморандумы

"КазТрансОйл" АҚ жай акцияларының ағымдағы бағалары мен баға белгілеулері:

www.kase.kz/kz/shares/show/KZTO – ағымдағы және алдыңғы күннің нәтижелері, соңғы 52 апта, бағалар мен сауда-саттықтар көлемінің графикалық бейнесі, соңғы 10 мәміле, бағалы қағаздың, қаржы құралының және эмитенттің сипаттамасы, тақырып бойынша соңғы 10 жаңалық. Актуалды ақпарат алу үшін сайттың бетін қолмен жаңарту қажет.

www.kase.kz/kz/trades – нақты уақыт тәртіптемесінде сауда-саттықтарды қарауды іске қосу (сайттың бетін мәжбүрлеп жаңартусыз). Сайттың бетінде қызықтыратын қаржы құралын таңдау қажет (10-нан көп емес, "КазТрансОйл" АҚ жай акциясының коды – KZTO), шығарылған өрістерді белгілеп, автоматты жаңарту жиілігін таңдау қажет. Тегін сервис алған жағдайда мәліметтерді көрсетудің кідірісі, мәліметтер пайда болған сәттен бастап,15 минутты құрайды. Ақылы қызмет көрсетудің шарттары www.kase.kz/kz/registration берілген.

Нақты уақыт тәртіптемесінде бағалар мен баға белгілеулерін тегін қарау Android және iOS (мысалы, Bloomberg) операциялық жүйелерімен мобильді құралдарда жұмыс істейтін, бағдарламалық қосымшалар арқылы мүмкін.

Бағдарламаның ресми сайты:

www.halyk-ipo.kz

Компаниялар – бағалы қағаздар эмитенттері:

"ҚазТрансОйл" АҚ

"KEGOC" АҚ

Басқа пайдалы ресурстар:

edu.kase.kz/kz – KASE ақпараттық-білім беру сайты

"KEGOC" АҚ сайтындағы "Халықтық IPO" беті

"Фридом Финанс" АҚ сайтындағы "Халықтық IPO" беті

"Halyk Finance" АҚ сайтындағы "Халықтық IPO" беті

Қазақстан қор нарығының нормативтік базасы

"ИРБИС" Қаржы нарықтарының ақпараттық агенттігі" ЖШС

"eTrade" ЖШС

Оқыту сауда-саттықтары – өз күшін биржалық сауда-саттықта сынауға тиеттенгендерге арналған, оқу сауда-саттық серверіне қосылған, "STrade" сауда-саттық терминалының арнайы оқу нұсқасы

"Халықтық IPO" ресми сайты - www.halyk-ipo.kz

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ "Халықтық IPO" сұрақтары бойынша сұрақ-жауап линиясы:

Қазақстан бойынша 8-800-070-1570

Алматы 8-727-334-3434



"Халықтық IPO" мәселелері бойынша кәсіби қатысушыларға арналған KASE кеңес берушілік тобы

Биржада листингтен өту сұрақтары (бағалы қағаздар эмитенттері үшін)listing@kase.kz237 53 27
Жазылым жүргізу және өтінімдер кітабын қалыптастыру сұрақтарыtrade@kase.kz237 60 19, 237 60 21, 237 60 22, 237 60 23
Қазақстан инвесторларының басқа да сұрақтарыpr@kase.kz237 53 08
Шетелдік заңды және жеке тұлғаларының сұрақтарыworld@kase.kz237 53 20



KASE сайтында ақпарат орналастыру

"Халықтық IPO" бетінде ақпарат орналастыру pr@kase.kz237 53 08
Жаңалықтарды орналастыруinfo@kase.kz237 53 14
Баннерлер мен жарналамаларды орналастыруpr@kase.kz237 53 08

Пайдаланушының аты:
Құпия сөз:
Жүктеу
Жүктеу