Биржадағы листинг
Листинг дегеніміз не?
Листинг – қандай да бір бағалы қағаздарды KASE ресми тізіміне енгізу процедурасы.KASE ресми тізімі – тізімнің бір бөлігі, осы тізімге енгізілу және осында болу үшін бағалы қағаздар және олардың эмитенттері листингілік талаптарға сай болуы тиіс.
Эмитент – бағалы қағаздардың шығарылымын жүзеге асырған немесе жоспарлаған ұйым.
Листингілік компания – шығарған бағалы қағаздары KASE ресми тізімінде тұрған эмитент-ұйым.
KASE листингілік компанияларының тізімі
Неліктен листингті Қазақстанда өту ұтымды?
- IPO шыққанда листингілік алымдарды төлеу бойынша льготалар
Листингілік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер, KASE ресми тізіміне өз акцияларын IPO жүргізу мақсатында енгізетін, компанияларға, мынадай шарттарды орындауымен, қарастырылған:
- орналастырылатын акциялар IPO өткізу мақсатында KASE ресми тізіміне алғашқы рет енгізіледі;
- акциялардың биржада орналастырылуы ашық сауда-саттық әдістерінің бірімен жүзеге асырылады;
- Листингілік комиссияның осы акцияларды ресми тізіміге енгізу туралы шешімі өз күшіне енген күннен бастап алты күнтізбелік ай уақыт берілетін, IPO нәтижесі бойынша тарту көлемі 1 000 000 АЕК (1,5 млрд теңге, $ 10,3 млн) тең болуы тиіс;
- IPO өткізгенде орналастырылатын акцияларды кемінде 50 инвестор сатып алуы тиіс;
- IPO нәтижесі бойынша еркін айналыстағы акциялардың саны, IPO бастамашысы болып шыққан листингілік компанияның орналастырылған акцияларының (эмитент қайта сатып алған, ауыртпалықты немесе оқшауланған акцияларды қоспағанда) жалпы санынан кемінде 10 % құрау.
- листингілік компаниялар қызметінің отандық инвесторлар үшін айқындығы; листингілік компания туралы ақпарат қол жеткізерлік
- салық льготаларының күші – листингілік компанияның қосымша инвестициялық тартымдылығы
- қымбат тұратын road-show және көптеген шетелге сапар шегулерді үнемдеу
- шетелдік листинг-серіктестерге жұмсалатын қаржыларды үнемдеу
- өзге құқықтық режимді елдегі қиындықтарды жеңуге жұмсалатын қосымша шығындардың болмауы
- нарықтың және листингілік компаниялардың қиын-қыстау кезеңдерінде отандық инвесторлар оптимистік сенім танытады
Неден бастау керек?
- компанияны және оның бағалы қағаздарын листингілік талаптарға сәйкестігін тексеру
Егер Сіз Сіздің компанияңыздың және оның бағалы қағаздарының листингілік талаптарға сәйкестігін тексергіңіз келсе, KASE әзірлеген оңайтылған кестелерін пайдалануыңызға болады. Қағазға басып, толтырсаңыз, Сіз компания және оның бағалы қағаздарының белгілен.
Қажетті кестенің алу үшін төменде берілген KASE ресми тізімінің тиісті секторы мен санатын таңдауыңыз керек.
"Акциялар" секторы
Бірінші (ең жоғарғы) санат
Екінші (ең жоғарғы) санат
Үшінші (ең жоғарғыдан кейінгі) санат
"Борыштық бағалы қағаздар" секторы
"Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты
"Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы
Акционерлік инвестициялық қор
Пайлық инвестициялық қор
Акционерлік жылжымайтын мүлік қоры
Индекстік қор
- реттеушінің листингілік талаптарымен және Листингілік ережелерімен танысу
- ұйымдастырылған қор нарығына шығуға байланысты шығындар шамасымен танысу
- биржа мүшелерінің арасынан қаржылық кеңесшіні таңдау (қаржылық емес ұйым – бұл шарт эмитенттерге міндетті)
- қаржылық есеп берушілікке аудит өткізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау (тиісті біліктілік талаптарына сай аудиторлық ұйымдардың тізімін Қазақстан Республикасы Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Агенттігі ұсынған)
- бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімі жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын, тіркеушіні таңдау
- рейтингілік агенттікті таңдау (облигациялар шығарылымы үшін міндетті)
- құжаттар жинағын дайындау (Листингілік ережелердің 24, 25, 26 баптары)
- бағалы қағаздардың шығарылым аңдатпасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау Комитетінде тіркеу
Содан кейін ше?
- рұқсат ету бастамашысы (соның бастамасымен бағалы қағаздар ресми тізімге енгізуге ұсынылатын, ұйым) эмитенттің бағалы қағаздарын KASE ресми тізіміне енгізу туралы өтінішін және құжаттар жинағын қарауға береді
- KASE Листинг Департаменті эмитенттің және оның бағалы қағаздарының листингілік талаптарға және Листингілік ережелерге сәйкестігін, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың түгелдігін тексереді
- листингілік талаптарға және Листингілік ережелерге сәйкес болған жағдайда Листинг Департаменті тиісті тұжырымдаманы, ал сәйкес болмаған жағдайда – уәжделінген бас тартуды дайындайды
- эмитент және KASE листингілік келісім-шартты әзірлеп, оған қол қояды
- листингілік комиссия эмитенттің бағалы қағаздарын KASE ресми тізіміне енгізу мүмкіншілігі мәселесін қарастырады
- листингілік комиссиясы оң шешімін қабылдаған жағдайда, эмитент листингілік алымдарды төлейді
- эмитенттің бағалы қағаздары KASE ресми тізіміне енгізіледі
- листингілік компания туралы ақпараттар KASE Интернет-сайтының тиісті бөлімінде жарияланады
Нені алдын ала қарастыру қажет?
- ақпараттарды ашу
Инвесторлардың сенімділігіне жету және сақтап қалу үшін, мерзімдік есеп берушіліктерді және листингілік компанияның қызметі туралы ақпараттарды жариялауға уақытылы беріп тұру қажет (Листингілік ережелер 2 тарау). - жоғарғы талаптарға сай болу қажет
Бағалы қағаздардың биржада айналыста болу мерзімі бойы осы листингілік компания, листингілік компанияларға қойылатын, талаптарға сай болуы тиіс. - дайындық үдерісінің біршама ұзақтылығы мен қиындығы
Листинг процедурасынан өтуге құжаттарды дайындау мерзімі бір жылға дейін созылуы мүмкін. Барлық құжаттарды биржаға тапсырғаннан кейін құжаттарды қарау және листинг туралы шешім қабылдау үшін шамамен бір ай керек. - жариялылық шығындары
Акциялар саны шектелмеген тұлғалар арасында орналастырылған жағдайда, компанияның ірі акционерлері барлық акционерлердің пікірлерін ескермей стратегиялық маңызды шешімдер қабылдай алмайды.
Көмек (KASE мамандарының кеңесі)
Эмитенттерге арналған дөңгелек үстелдер
KASE Листинг Департаментінің бағалы қағаздар листингі бөлімі:
Телефоны: +7 (727) 237 53 24
Факсы: +7 (727) 237 53 09
E-mail: listing@kase.kz
Мекен-жайы: 050040, Алматы, Байзақов көш., 280, Almaty Towers, солтүстік мұнара, 8-ші қабат
© 1993–2012 "Қазақстан қор биржасы" АҚ. Барлық құқықтары қорғалған. Материалдарды көшіру тек "Қазақстан қор биржасы" АҚ жазбаша рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
Ақпараттық толтыру – KASE, "ИРБИС" Ақпараттық агенттігі. Сайтты әзірлеу – eTrade.KZ
Ақпараттық толтыру – KASE, "ИРБИС" Ақпараттық агенттігі. Сайтты әзірлеу – eTrade.KZ












