KASE Интернет-сайты бойынша жолсілтеме

KASE Интернет-сайты – Қазақстан Республикасының биржалық қор нарығының негізгі ақпараттық ресурсы

Бағалы қағаздарды сатып алуға және сатуға кім көмектеседі?

Брокерлер туралы түрлі ақпараттарды алуға болады:
  • "Бағалы қағаздарды сатып алуға және сатуға кім көмектеседі?" баннеріне шертіп (сайттың беттерінің көбінде бас мәзірден жоғары, беттің ортасында, "Биржаға ақшаларды қалай тартуға болады?" баннерімен кезектесіп тұр);
  • бас мәзірдегі "KASE туралы" – "Эмитенттер мен инвесторларға" – "Қор нарығына қатысушылар" тармақтарын таңдап, "Биржа мүшелерінің толық тізімі" сілтемесін шерту керек;
  • өткен жылдарда ең көзге түскен KASE мүшелерінің тізімін қарау үшін бас мәзірдегі "KASE туралы" – "KASE мүшелері" – "KASE номинацияларының дипломанттары", тармақтарын таңдау керек;
  • бас мәзірде "KASE туралы" – "KASE мүшелері" – "Белсенділік рэнкингі", тармақтарын таңдап, түрлі кезеңдердегі нарықтың түрлі секторларында ең белсенді KASE мүшелерінің тізімін көруге болады.

Қазақстан Републикасының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңына (орыс тiлiнде) сәйкес биржада тек бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары ғана әрекет ете алады, сондықтан KASE сауда-саттығына қатысу үшін жеке инвесторлар брокерлік-дилерлік компаниялардың қызметтерін пайдалануы тиіс. Осындай компаниялар (брокерлер) брокерлік-дилерлік қызметтерді жүзеге асыруға лицензияларына ие, KASE мүшесі болуы тиіс.

Биржада не сатып алуға болады?

KASE ресми тізімінде тұрған бағалы қағаздар туралы ақпарат KASE Интернет-сайтының "Нарықтар" бөлімінде берілген:
  • акциялар туралы – "Акциялар" бетінде (бас мәзірдің "Нарықтар" – "Акциялар" тармақтары);
  • корпоративтік борыштық бағалы қағаздар туралы – "Корпоративтік облигациялар" бетінде ("Нарықтар" – "Корпоративтік облигациялар");
  • мемлекеттік борыштық бағалы қағаздар туралы – "Мемлекеттік облигациялар" бетінде
    ("Нарықтар" – "Мемлекеттік облигациялар").
KASE тізімдерінде тұрған бағалы қағаздардың толық тізімін, бас мәзірдегі "Құралдар" – "Құралдар тізімі" тармақтарын таңдап, көруге болады.".

Бұдан басқа, биржада шетел валюталары саудаланып, валюталық своп операциялары жүзеге асырылады (бас мәзірдің "Нарықтар" – "Шетел валюталары"), сондай-ақ репо операцияларының секторы жұмыс істейді ("Нарықтар" – "Репо операциялары"").

Ең алдымен, биржада мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздар саудаланады.

Қазақстандық мемлекеттік бағалы қағаздарды (мемлекеттік облигацияларды) Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының кейбір жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктер) шығарады. Қазақстан заңнамасына сәйкес оның аумағында шығарылған бұдан басқалары (халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын қоспағанда) эмиссиялық бағалы қағаздар, беймемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар деп саналады. Оларды (туынды бағалы қағаздарды қоспағанда) корпоративтік бағалы қағаздар деп атайды. Корпоративтік бағалы қағаздардың негізгі түрлері – акциялар мен облигациялар.

Биржада кімнің бағалы қағаздары саудаланады

Эмитенттердің жалпы тізімін KASE Интернет-сайтында бас мәзірдің "Эмитенттер" Дефолтқа қол жеткізген компанияларға ерекше көңіл бөлу қажет (бас мәзірдің "Эмитенттер" – "Корпоративтік" – "Эмитенттер тізімі" тармақтары, "Дефолт" қосымша беті).
KASE Интернет-сайтында әр эмитентке жеке бет арналған, оған түсу үшін эмитенттің атауына немесе кодына шерту қажет. Әр бір осындай бетте жалпы ақпараттармен және байланыс деректемелерімен қатар, оның акционерлері, негізгі қаржылық көрсеткіштері туралы ақпараттар, сондай-ақ KASE ресми тізіміне енгізілген оның бағалы қағаздарына сілтемелер және оның қызметін сипаттайтын құжаттар жарияланады.

KASE Интернет-сайтында компанияны табу қажет болған жағдайда, ал компания туралы тек оның атауының бір бөлігі ғана немесе ескі атауы, ҰСН (ұлттық сәйкестендіру нөмірі) немесе бағалы қағазының коды ғана белгілі болса, сайт бойынша іздеу функциясын қолдану қажет, ол үшін белгілі ақпаратты кілт есебіне қолданады. Іздеудің басқару элементтері сайттың әр бетінің оң жақ жоғарғы бұрышында орналасқан.

Белгілі бір бағалы қағаз туралы ақпаратты қалай қарауға болады

Қызықтыратын бағалы қағазға арналған бетке былай кіруге болады:
  • бағалы қағаздың атрибуттарының бірін (ұлттық немесе интернационалдық нөмірін, сауда-саттық кодын, эмитент атауын немесе атауының бір бөлігін) негізгі іздеу параметрі арқылы KASE Интернет-сайты бойынша іздеу салып;
  • KASE Интернет-сайтының бас мәзірінде "Құралдар" – "Құралдар тізімі" тармақтарын таңдап және таңдалған тізімде бағалы қағаздың кодына шертіп;
  • KASE Интернет-сайтының бас мәзірінде "Нарықтар" – "Акциялар" ("Корпоративтік облигациялар" немесе "Мемлекеттік облигациялар", бағалы қағаздың тұрпатына қарай) тармағын таңдап, "Қағаздың коды бойынша іздеу" жолына бағалы қағаздың кодын енгізу қажет.
Бұдан басқа, қызыққан бағалы қағаздың бетіне, оның эмитентінің беті арқылы шығуға болады (жоғ.қара).

KASE ресми тізіміне бір кезде енгізілген әр бағалы қағазға, KASE Интернет-сайтында жеке бет арналған, онда бағалы қағаз туралы және оның эмитенті туралы ақпараттар орналастырылған. Бұл бетте қызыққан пайдаланушы үшін осы бағалы қағаздың биржадағы сауда-саттығына қажетті барлық ақпараттар немесе осындай ақпаратқа сілтемелер берілген.

KASE қор нарығының қандай индикаторлары бар

Осы кезде KASE бағалы қағаздар нарығының келесі индекстерін есептейді:
  • KASE Индексі – KASE ресми тізіміне енгізілген, ең өтімді акциялар бағаларының динамикасын сипаттайтын индикатор;
  • KASE_BY, KASE_BP, KASE_BC – KASE ресми тізіміне енгізілген, корпоративтік облигациялар нарығының баға көрсеткіштерінің өзгерістерін сипаттайтын (өтелуіне кірістілігі, "таза" және "таза емес" бағалар) индекстер тобы.

Аталмыш индикаторларға KASE Интернет-сайтында арнайы беттер арналған, осында пайдаланушыларға биржадағы бағалы қағаздардың сауда-саттығына қажет болуы мүмкін барлық ақпараттар, соның ішінде тегін индекстер мұрағаты, берілген. Осы беттерге KASE Интернет-сайты бас мәзірінің "Индикаторлар" – "Қор нарығы" – "Акциялар" / "Корпоративтік облигациялар" тармақтары арқылы кіруге болады.

Сауда-саттықты қалай қарауға болады

Бас мәзірде "Сауда-саттықтар" – "Сауда-саттықтарды қарау" тармақтарын таңдап, әр пайдаланушы өзі үшін, қызыққан бағалы қағазының KASE сауда-саттықтарын нақты уақыт тәртібінде немесе шамалы кідірумен, қарау параметрлерін баптауына болады. Ыңғайлы болу үшін бас мәзірдің осы пунктінде "Сауда-саттық регламентін" таңдап, қай қаржы құралы қашан саудаланатыны туралы нақтылап білуге болады.

KASE сауда-саттықтарының нәтижелерін қалай көруге болады

KASE сауда-саттықтарының нәтижелері туралы мәліметтер KASE жаңалықтарында, сондай-ақ KASE Интернет-сайтының тиісті беттерінде (бас мәзірдің "Нарықтар" – "Шетел валюталары" / "Акциялар" / "Корпоративтік облигациялар" / "Мемлекеттік облигациялар" / "Репо операциялары") жарияланады.

Биржалық нарық жаңалықтарын қай жерден табуға болады

KASE Интернет-сайты бас мәзірінің "Жаңалықтар мен шолулар" тармағында пайдаланушыларға KASE ашық жаңалықтар лентасына, "Нарық жаңалықтары" жаңалықтар лентасына және "ИРБИС" Қаржы нарықтарының ақпараттық агенттігінің нарыққа шолуларына сондай-ақ KASE Интернет-сайтының дамуын байқауға мүмкіндік беретін арнайы бөлімге кіру ұсынылады.

KASE жаңалықтары – биржада болып жатқан барлық жағдайлар туралы және инвесторлар мен эмитенттер білуі тиіс, барлық жаңалықтар. Бұнда жарияланады:
  • KASE нормативтік базасындағы және сауда-саттық өткізу тәртібіндегі өзгерістер;
  • жаңа қаржы құралдарының сипаттамалары;
  • аса маңызды сауда-саттықтардың нәтижелері;
  • бағалы қағаздар тізімінің динамикасы.
Бұдан басқа, KASE Интернет-сайты – листингілік компаниялардың корпоративтік уақиғалары туралы, сондай-ақ, ресми қайнар көздерден алынған, осы компаниялар туралы басқа да жаңалықтардың жалғыз ресми дерекнамасы болып табылады.

Іздеудің белсенді жұмыс істейтін механизмі арқылы, KASE Интернет-сайтының пайдаланушысы 1998 жылдың желтоқсанынан бастап KASE жаңалықтарына қол жеткізе алады.

KASE туралы және биржаның нормативтік құжаттарын қай жерден табуға болады

Бас мәзірдің "KASE туралы" тармағында пайдаланушыға биржаның өзіне арналған, оның мүшелері, акционерлері, жетекшілігі, комитеттері мен комиссиялары, сондай-ақ KASE туралы басқа да жалпы ақпараттар, соның ішінде биржаға келудің сызбасы және байланыс түрлері туралы ақпараттар ұсынылған.

"Нормативтік база" аса маңызды бөлім болып табылады, бұнда биржа қызметін реттейтін, KASE ішкі құжаттарының барлығы, сондай-ақ биржалық нарыққа маңызы зор Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері берілген.

Инвесторға пайдалы болуы мүмкін, қор нарығы тақырыбына жарияланымдарды (орыс тiлiнде) және KASE өміріндегі маңызды уақиғалар туралы ақпараттарды бас мәзірдің "Баспасөз-орталығы" тармағы арқылы қарауға болады.

Интернет арқылы биржада сауда-саттық жүргізудің мүмкіндіктері

Инвестор Интернет-трейдинг жүйесі арқылы бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асыра алады. Бұл үшін инвестор, "eTrade.kz" ЖШС бағдарламалық қамтуын қолданумен Интернет-трейдинг қызметтерін өз клиенттеріне ұсынуға құқылы, брокермен келісім-шартқа отыруы тиіс.

Интернет-трейдинг қызметін ұсынатын брокерлік компаниялардың тізімі, сондай-ақ сауда-саттық жүргізу әдістемесі, "eTrade.kz" ЖШС Интернет-сайтында, ал оған сілтеме KASE Интернет-сайтының басты бетінде (баннер KASE Интернет-сайты беттерінің көбінде, оң жақ төменгі бұрышында) орналасқан.

Бәрі "Халықтық IPO" туралы

Сайттың негізгі бетінің жоғары жағындағы оң жақ бұрышында немесе «Жаңалықтар мен оқиғалар» мәзірі тармағында – "Халықтық IPO" бағдарламасы туралы жалпы ақпараттар, қатысушылар, жаңалықтар, күнтізбе, пайдалы ресурстар, сондай-ақ қажетті байланыстар жарияланған.
Пайдаланушының аты:
Құпия сөз:
Жүктеу
Жүктеу