KASE сауда-саттық ақпаратын тарату
|
Биржалық ақпаратты тарату шарттары KASE ішкі құжаттарымен реттеледі:
KASE мүдделі тұлғалармен биржалық ақпараттарды коммерциялық негізде тарату бөлігінде қызмет етеді. Өзінің ақпараттық қызметтерін көрсету шегінде KASE таратушыларға келесі ақпараттық өнімдерді тарату құқығын береді:
Нақты уақыт тәртібіндегі Сауда-саттық ақпараты - сауда-саттық күні бойы
үздіксіз ағымда берілетін, биржа өткізетін қаржы құралдар сауда-саттығының барысы туралы ақпарат.
Сауда-саттық нәтижелері туралы ақпарат - әр қаржы құралы бойынша біріктірілген, белгілі уақыт аралығымен берілетін, Биржа өткізетін сауда-саттықтардың нәтижелері туралы ақпарат. Мұрағаттық ақпарат - сауал бойынша берілетін, Биржа өткізген қаржы құралдарының сауда-саттықтары туралы, өңдеуге ыңғайлы форматтағы тарихи ақпарат. Индикаторлар - сауда-саттық күні барысында және/немесе оның нәтижелері бойынша KASE есептейтін, нарық индикаторларының көрсеткіштері. KASE ақпараттық өнімдерін таратудан басқа, таратушылар биржадан алған ақпараттық өнімдердің негізінде туынды ақпараттарды өндіруге және таратуға құқылы. Аталған KASE ақпараттық өнімдердің тарифтері дисконттарды қолданумен белгіленеді. Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз:
Тел.: +7 727 237 53 22
|
Біздің серіктестеріміз
|
Ақпараттық толтыру – KASE, "ИРБИС" Ақпараттық агенттігі. Сайтты әзірлеу – eTrade.KZ












