Вакансиялар
KASE
DOC форматындағы түйіндемені resume@kase.kz (хат тақырыбында вакансия атауын көрсетіп) жолдаңыз.Жүйелік әкімшілік ету бөлімінің маманы (Oracle DBA)
Негізгі міндеті: Oracle мәліметтер базасына әкімшілік ету.
Үміткерге қойылатын талаптар:
- жоғарғы техникалық білімі;
- Oracle мәліметтер базасына әкімшілік ету бойынша білімі мен тәжірибесі;
- ОС Linux инсталляциясы мен әкімшілік ету бойынша негізгі білімдер;
- желілік технологиялар бойынша негізгі білімі;
- бағдарламалау негіздері (Bash, AWK, Perl);
- профиль бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
Сауда-саттық департаментінің Сауда-саттық ұйымдастыру және өткізу бөлімінің бастығы
Негізгі міндеттері:
- сауда-саттық өтуін қамтамасыз ету;
- ішкі процедуралар мен құжатайналымды бақылау;
- қолданыстағы процедуралар мен ішкі құжаттарды жетілдіру.
Үміткерге қойылатын талаптар:
- жоғарғы заң білімі;
- қаржы нарығында кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі.
PR бөлімінің маманы
Негізгі міндеттері:
- білім беру және ақпараттық іс-шараларды ұйымдастырып;
- өткізу, ақпараттық және жарнамалық материалдарды баспаға әзірлеу бойынша жобаларды басқару.
Үміткерге қойылатын талаптар: PR саласында бір-екі жыл жұмыс тәжірибесі.
Аударма қызметінің жетекші маманы
Негізгі міндеттері:
- биржа құжаттарының жазбаша аудармасы;
- ілеспе аударма;
- аударылған құжаттарды редакциялау.
Үміткерге қойылатын талаптар:
- жоғарғы арнайы білімі;
- Microsoft Office бағдарламаларының батыл пайдаланушысы;
- қаржылық салада жұмыс тәжірибесі болған жөн.
Құжаттарды редакциялау бойынша маман
Негізгі міндеттері:
- құжаттарды редакциялау;
- дұрыс формалар мен бланкілерді пайдалануды бақылау.
Үміткерге қойылатын талаптар:
- филологиялық білім;
- редактор немесе корректор қызметінде үш жылдан аса жұмыс тәжірибесі;
- қазақ тілін білгені дұрыс.
Жүйелік әкімшілік ету бөлімінің маманы
Негізгі міндеті: биржа серверлерінің және телекоммуникациялық жабдықтарына әкімшілік ету.
Үміткерге қойылатын талаптар:
- жоғарғы техникалық білімі;
- Cisco, Edge-Core коммуникациялық жабдықтарына әкімшілік ету бойынша білімі мен тәжірибесі;
- ОС Linux инсталляциясы мен әкімшілік ету бойынша негізгі білімдер;
- желілік технологиялар бойынша негізгі білімдер;
- бағдарламалау негіздері (Bash, AWK, Perl);
- профиль бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
Ақпарат бөлімінің маманы
Негізгі міндеттері:
- мәліметтер базасын алып жүру;
- тұрақты негізде статистиканы дайындау;
- веб-сайт беттерін алып жүру;
- сұратулар бойынша жұмыстар кешенін жүзеге асыру.
Үміткерге қойылатын талаптар:
- жоғарғы экономикалық білім;
- ағылшын тілін білу;
- жұмыс тәжірибесі міндетті емес.
Жобаларды дамыту бөлімінің маманы
Негізгі міндеттері:
- ең үздік халықаралық практиканы талдау негізінде, биржалық сауда-саттықтарды ұйымдастыруды, клирингті және есеп айырысуды жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастыру;
- алып жүретін жоба бойынша ортаның жан-жақты талдауы (құқықтық, маркетингілік, ұйымдастырушылық);
- биржа жетекшілігі, нарыққа кәсіби қатысушылары, реттеуші органдар және Қазақстан қаржыгерлерінің Ассоциациясы үшін жобалар бойынша таныстыру материалдарын әзірлеу.
Үміткерге қойылатын талаптар:
- жоғарғы экономикалық білімі;
- биржалық сауда-саттықты ұйымдастыру және есеп айырысу жүйесін жете білу;
- ірі қаржылық ұйымдарда жұмыс тәжірибесі;
- биржалық қаржы құралдарымен жұмыс тәжірибесі құпталады.
Тестілеу бөлімінің жетекші маманы
Негізгі міндеттері:
- бағдарламалық өнімдерді функционалдық мақсаттарға сәйкестігіне тестілеу;
- мүмкіндіктерін және қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау;
- жаңа бағдарламалық өнімдерге қойылатын функцияларға сәйкес, техникалық тапсырмаларды әзірлеу.
Үміткерге қойылатын талаптар:
- жоғарғы техникалық білім;
- ұқсас позицияда кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі.
"РТРС" ЖШС
DOC форматындағы түйіндемені +7 (727) 266 95 00, 115 (ішкі) телефоны арқылы Наталья Белогорлова үшін жолдаңыз (вакантты қызмет атауын хабарлама мәтінінде көрсетіңіз).Бас директор
Негізгі міндеттері:
- резервтік орталықтың құрылысын аяқтауды ұйымдастырып, пайдалануға беру;
- резервтік орталықтың қызметіне техникалық қолдауды ұйымдастыру;
- "Қазақстан қор биржасы" АҚ және "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ кеңсесінің құрылысын немесе сатып алуын ұйымдастыру.
Үміткерге қойылатын талаптар:
- жоғарғы техникалық немесе инженерлік-экономикалық білімі;
- құрылыс саласында жетекшілік қызметтерде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі;
- Қазақстан Республикасының сәулет және құрылыс аясындағы заңнамасын, құрылыстық нормативтер мен стандарттарды білу.
"eTrade.kz" ЖШС
DOC форматындағы түйіндемені hr@etrade.kz мекен-жайына жолдаңыз (вакантты қызмет атауын хабарлама мәтінінде көрсетіңіз).Бағдарламашы-әзірлеуші
Негізгі міндеттері:
- бағдарламалық өнімді әзірлеу және қолдау;
- техникалық құжаттарды жазу және толтыру.
Үміткерге қойылатын талаптар:
- жоғарғы техникалық немесе математикалық білімі;
- Java IDE Eclipse, SWING, JDBC, ANT, XML, Oracle SQL;
- техникалық құжаттарды жазу және толтыру тәжірибесі, әзірленген бағдарламалық қамтулардың, нұсқаулықтардың сипаттамасы;
- клиент-серверлік қосымшаларды әзірлеу бойынша кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі.
Ақпараттық толтыру – KASE, "ИРБИС" Ақпараттық агенттігі. Сайтты әзірлеу – eTrade.KZ












