KZ
RU
EN
10 маусым 2026, 07:42
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.04.2012 15:42 #Қаржы құралдары

"Темірлизинг" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y05C465 (KZ2C00001097, TMLZb1) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

/KASE, 03.04.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 03 сәуірінен бастап "Темірлизинг" АҚ (Алматы) KZ2C0Y05C465 (KZ2C00001097, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы; TMLZb1; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге, 03.04.07 – 03.04.12; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 11,00 %; 30/360) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды.

Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2007 жылдың 02 сәуірінен бастап "В" категориясы бойынша енгізіліп, 2008 жылдың 01 қыркүйегінен бастап KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасына ауыстырылды. Олардың сауда- саттығы 2007 жылдың 08 мамырында ашылған.

Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың сатып алушы үшін өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 11,00-ден 49,99 %-ға дейінгі аралықта құбылды.