KZ
RU
EN
12 маусым 2026, 23:56
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.04.2012 16:07 #Бағалы қағаздар

"MAG" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

/KASE, 10.04.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "MAG" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Компанияның тіркеушісі "Зерде" тіркеушісі" АҚ (Алматы).

Үзінді көшірмеге сәйкес:

  • компанияның жарияланған KZ1C53590010, KZ1C00000348 жай акцияларының жалпы саны 3 205 000 дана, KZ1P53590116, KZ1P00000350 артықшылықты акцияларының жалпы саны 150 000 дана;
  • компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
  • компанияның жалғыз акционері, яғни орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "MAG ИНВЕСТ" АҚ болып табылады.