Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Қазақстан қағазы" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
/KASE, 12.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан қағазы" АҚ (Алматы обл., бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Компанияның тіркеушісі "Тіркеуші "Зерде" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C45260011 жай акцияларының жалпы саны 6 560 751 дана, артықшылықты KZ1P45260117 акциялар саны – 2 186 917 дана;
- компанияның 6 557 459 жай акциясы орналастырылған, компанияның артықшылықты акциялары орналастырылмаған;
- компанияның жалғыз акционері, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Kagazy Investments" АҚ (Алматы) болып табылады.