"KEGOC" АҚ KZ1C34930012 (KZ1C00000959, KEGC) жай акциялары 03 қарашадан бастап KASE ресми тізіміне бірінші санат бойынша енгізілді
/KASE, 03.11.14/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының 
(KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 03 қарашасындағы 
шешімімен "KEGOC" АҚ (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) 
(Астана, одан әрі – "KEGOC" АҚ) KZ1C34930012 (ISIN – KZ1C00000959) жай 
акциялары KASE ресми тізіміне бірінші санат бойынша енгізілді

Листингілік комиссияның осы шешімі 2014 жылдың 02 қазанынан бастап 
эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 
1-1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін өз күшіне енді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014 жылдың 10 қыркүйегіндегі 
бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес "KEGOC" АҚ 
жарияланған акцияларының шығарылымы 260 000 000 жай акцияға 
бөлінген, оған KZ1C34930012 ұлттық сәйкестендіру номері берілген. 
Шығарылым Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізбесіне А3493 
номерімен енгізілген.

"KEGOC" АҚ қаржылық кеңесшісі Қазақстан Халық Банкінің  Еншілес 
ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады.

Аталмыш облигацияларға KEGC қысқартылған (сауда-саттық коды) берілді.

Аталмыш акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратты KASE 
интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kegc мекен-жайы 
бойынша жарияланған.

[2014-11-03]