БИРЖАДА ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ 29-30 ҚАРАШАДА "ХАЛЫҚТЫҚ IPO" БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА "KEGOC" АҚ KZ1C34930012 (KZ1C00000959, KEGC) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫН САТЫП АЛУҒА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАЙДЫ
/KASE, 28.11.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2014 жылдың 29-
30 қарашасында алматы уақыытмен сағат 9.00-ден 18-00-ге дейін 
"Халықтық IPO" үкіметтік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 
"KEGOC" АҚ (Астана, одан әрі – "KEGOC" АҚ) (Kazakhstan Electricity Grid 
Operating Company) KZ1C34930012 (KZ1C00000959, KASE ресми тізімі, 
бірінші санат, KEGC) жай акцияларын сатып алуға өтінімдер қабылдау үшін 
KASE сауда-саттық жүйесі жұмыс істейді.

Жеке тұлғалар  жазылымға қатысу үшін биржаға өтінімді тек биржаның қор 
нарығының мүшелері арқылы ғана бере алады. Биржаның қор нарығының 
мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/ru/membership мекен-жайында 
берілген.

Бұрын хабарлағандай, 2014 жылдың 05 қарашасынан 03 желтоқсанына 
дейін "Халықтық IPO" үкіметтік бағдарламасы аясында аталмыш 
акцияларды алғашқы орналастыру жүргізіледі.

"KEGOC" АҚ жай акцияларына осы бағдарлама аясында жазылу шарттары 
мен оларды бөлу тәртібі 2014 жылдың 04 қарашасындағы KASE 
жаңалығында жарияланған Биржада 05 қарашадан 03 желтоқсанға дейін 
"Халықтық IPO" бағдарламасы аясында "KEGOC" АҚ KZ1C34930012 
(KZ1C00000959, KEGC) жай акцияларына 
http://www.kase.kz/ru/news/show/1234070 жазылу жүргізіледі.

[2014-11-28]