БИРЖАДА "ХАЛЫҚТЫҚ IPO" БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА "KEGOC" АҚ KZ1C34930012 (KZ1C00000959, KEGC) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНА ЖАЗЫЛУ 05 ЖЕЛТОҚСАНҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ
/KASE, 02.12.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) "Халықтық 
IPO" үкіметтік бағдарламасын жүзеге асыру аясында биржаның сауда-
саттық жүйесінде "KEGOC" АҚ (Астана, одан әрі – "KEGOC" АҚ) (Kazakhstan 
Electricity Grid Operating Company) KZ1C34930012 (KZ1C00000959, KASE 
ресми тізімі, бірінші санат, KEGC) жай акцияларына жазылу 2014 
жылдың 05  желтоқсанына дейін ұзартылды.

Аталмыш шешім KASE Басқармасының Бағалы қағаздарға жазылу 
Ережесінің 2 бабының 6 және 7 тармақтарына 
(http://www.kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf) сәйкес, аталмыш 
акциялардың сатушысы ретіндегі "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы 
"Halyk Finance" АҚ (Алматы) биржаға ресми хатын алуға байланысты, 
инвесторлардан өтінімдерді қабылдау мерзімін 2014 жылдың 03 
желтоқсанынан 05 желтоқсанына дейін ауыстыру туралы қабылдады.

Жазылымға қатысу үшін жеке тұлғалар биржаға өтінімдерді биржаның қор 
нарығы мүшелері арқылы бере алады. Ол мүшелер жинақталған және 
қаржылай қамтамасыз етілген өтінімдерді 09 желтоқсанға дейін қоса беруге 
мүмкіндіктері болады.

"KEGOC" АҚ жай акцияларына жазылу жүргізу шарттары және осы 
бағдарлама аясында оларды бөлу биржаның 2014 жылдың 04 
қарашасындағы "БИРЖАДА "ХАЛЫҚТЫҚ IPO" БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 
"KEGOC" АҚ KZ1C34930012 (KZ1C00000959, KEGC) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНА 
ЖАЗЫЛУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ" жаңалығы – 
http://www.kase.kz/ru/news/show/1234070 мекен-жайында берілген.

[2014-12-02]