БИРЖАДА ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ 06-07 ЖЕЛТОҚСАНДА "ХАЛЫҚТЫҚ IPO" БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА "KEGOC" АҚ KZ1C34930012 (KZ1C00000959, KEGC) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫН САТЫП АЛУҒА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАЙДЫ
/KASE, 05.12.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2014 жылдың 
05 желтоқсанында алматы уақытымен сағат 21:00-ге дейін және 
2014 жылдың 06-07 желтоқсан демалыс күндері 9.00-ден 18-00-ге дейін 
"Халықтық IPO" үкіметтік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 
"KEGOC" АҚ (Астана, одан әрі – "KEGOC" АҚ) (Kazakhstan Electricity Grid 
Operating Company) KZ1C34930012 (KZ1C00000959, KASE ресми тізімі, 
бірінші санат, KEGC) жай акцияларын сатып алуға өтінімдер қабылдау үшін 
KASE сауда-саттық жүйесі жұмыс істейді.

Жеке тұлғалардан өтінімдер Қазақстанның барлық аймақтарында 
2014 жылдың 05 желтоқсанында сағат 19:00-ге дейін ("Казпочта" АҚ, 
брокерлік компаниялармен қоса) биржа мүшелері қабылдайтынын 
ескертеміз.

Бұрын хабарлағандай, 2014 жылдың 06 желтоқсанынан 09 желтоқсанына 
дейін "Халықтық IPO" үкіметтік бағдарламасы аясында аталмыш 
акцияларды алғашқы орналастыру жүргізіледі.

"KEGOC" АҚ жай акцияларына осы бағдарлама аясында жазылу шарттары 
мен оларды бөлу тәртібі 2014 жылдың 03 қарашасындағы KASE 
жаңалығында жарияланған Биржада 05 қарашадан 05 желтоқсанға дейін 
"Халықтық IPO" бағдарламасы аясында "KEGOC" АҚ KZ1C34930012 
(KZ1C00000959, KEGC) жай акцияларына 
http://www.kase.kz/ru/news/show/1238013 жазылу жүргізіледі.

 [2014-12-05]