БИРЖА "ХАЛЫҚТЫҚ IPO" БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА "KEGOC" АҚ KZ1C34930012 (KZ1C00000959, KEGC) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫН САТЫП АЛУҒА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУДЫ 09 ЖЕЛТОҚСАНДА САҒАТ 23.30-ҒА ДЕЙІН ҰЗАРТТЫ
/KASE, 09.12.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2014 жылдың 
09 желтоқсанында алматы уақытымен сағат 21:30-ға дейін "Халықтық IPO" 
үкіметтік бағдарламасын жүзеге асыру аясында "KEGOC" АҚ (Астана, одан 
әрі – "KEGOC" АҚ) (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) 
KZ1C34930012 (KZ1C00000959, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KEGC) жай 
акцияларын сатып алуға өтінімдер қабылдау үшін KASE сауда-саттық 
жүйесі жұмыс істейді.

Аталмыш шешімді Биржа басқармасы бағалы қағаздарға жазылым жүргізу 
ережесінің 2 бабы 6 және 7 тармағы негізінде 
(http://www.kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf ) биржаның аталмыш 
акцияларға жазылым кезінде сатушысы ретінде қатысатын "Қазақстан Халық 
Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) ресми хат алуына 
байланысты, биржа мүшелерінен өтінімдерджі қабылдау уақытыны асана 
уақытымен сағат 17.00 –ден 23.30-ға дейін ұзарту туралы шешім 
қабылдады.

2014 жылдың 09 желтоқсанында  "Халықтық IPO" үкіметтік бағдарламасын 
жүзеге асыру аясында "KEGOC" АҚ жай акцияларын сатып алуға биржа 
мүшелерінен өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні екендігін ескертеміз.

Биржа 2014 жылдың 10 желтоқсанындағы жазылым жүргізу шарттарына 
сәйкес сатушыға қабылданған өтінімдердің тексерілген тізбесін ұсынуы тиіс, 
15 желтоқсанда биржаға сатушыдан қанағаттандырылған өтінімдер тізбесі 
түсуі тиіс, жазылым бойынша есептеулер 2014 жылдың 18 желтоқсанынан 
дейін аяқталуы тиіс.

"KEGOC" АҚ жай акцияларына осы бағдарлама аясында жазылу шарттары 
мен оларды бөлу тәртібі 2014 жылдың 03 қарашасындағы KASE 
жаңалығында жарияланған Биржада 05 қарашадан 05 желтоқсанға дейін 
"Халықтық IPO" бағдарламасы аясында "KEGOC" АҚ KZ1C34930012 
(KZ1C00000959, KEGC) жай акцияларына 
http://www.kase.kz/ru/news/show/1238013 жазылу жүргізіледі.

 [2014-12-09]