"ХАЛЫҚТЫҚ IPO" БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА "KEGOC" АҚ KZ1C34930012 (KZ1C00000959, KEGC) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНА ЖАЗЫЛУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
/KASE, 19.12.14/ – Бұрын хабарлағандай, Қазақстан қор биржасы (KASE 
немесе биржа) "Халықтық IPO" үкіметтік бағдарламасын жүзеге асыру 
аясында биржаның сауда-саттық жүйесінде "KEGOC" АҚ (Астана, одан әрі – 
"KEGOC" АҚ) (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) KZ1C34930012 
(KZ1C00000959, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KEGC) жай акцияларына 
жазылу әдісімен 2014 жылдың 05 қарашасынан 05  желтоқсанына дейін 
алғашқы орналастрыру жүргізді.

Жазылым жүргізу кезінде аталмыш акциялардың сатушысы және акция 
маркет-мейкері ретінде "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk 
Finance" АҚ (Алматы)  қатысты. Орналастырылатын акциялардың саны 
25 999 999 дананы құрады. Орналастыру бағасы – бір акцияға 505,00 теңге. 
Жазылым нәтижесі бойынша есептеулер жүргізу күні - 2014 жылдың 
18 желтоқсаны.

KASE сауда-саттық жүйесіне өтінімдер жинауды аяқтау сәтінде 42 723 өтінім 
түсті, биржа және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ тізілімді 
тексеріп, салыстырғаннан кейін 41 991 өтінім белсенді болды. Жеке 
тұлғалардан түскен белсенді өтінімдердің саны 41 989 құрады. Бұл 
өтінімдер 41 319 жеке шоттардан берілді. Бір өтінім "Бірыңғай жинақтаушы 
зейнетақы қоры" (БЖЗҚ) акционерлік қоғамынан түсті, бір өтінімді маркет-
мейкер берді.

Жазылым кезінде сұранымның қосынды сомасы 16,7 млрд теңгені құрап, 
акция ұсынымының көлемін 1,3 есе арттырды. Брокерлік компаниялардың 
тарапынан  сұраным, маркет-мейкердің өтінішін қоса 9,7 млрд теңгені 
құрады ( сұранымнан 73,7 %), БЖЗҚ – 7,0 млрд теңге (ұсынымнан 53,3 %). 
Орналастыруға барлығы KASE қор нарығының 18 мүшесі қатысты.

Жазылым қорытындысы бойынша эмитент 25 999 999 акцияны сатып 
алуға  барлық өтінімдерді қанағаттандырды (ұсынылған көлемнің 
100 %). Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі 13 129 999 495 теңгені 
құрады. Сонымен жеке тұлғалар мен маркет-мейкер ұсынған барлық 
белсенді өтінімдер толық көлемде қанағаттандырылды, БЖЗҚ өтінімі 
жартылай қанағаттандырылды.

Орналастыру қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың шоттарына 
9 473 909 080 теңге (орналастыру көлемінен 72,2 %) түсті, БЖЗҚ шоттарына 
– 3 454 090 415 теңге (орналастыру көлемінен 26,3 %), маркет-мейкер 
ұсынған қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 202 000 000 теңгені құрады 
(орналастыру көлемінен 1,5 %).

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (Алматы) мәліметтері бойынша 
аталмыш акцияларға жазылым қорытындысы бойынша мәмілелер аталмыш 
ақпарат жарияланғанға дейін есептеліп, жазылым аяқталған.

Биржаға орналастырылған акциялар эмитенттерінен және олардың маркет-
мейкерінен KASE қайталама нарығында "KEGOC" АҚ "Қазақстан электр 
желілерін басқару компаниясы" АҚ (Kazakhstan Electricity Grid Operating 
Company) жай акцияларымен сауда-саттықты ашуға 2014 жылдың 
19 желтоқсанында өтінімдер түсті.

[2014-12-19]