19 желтоқсаннан бастап KASE қайталама нарығы секторында "KEGOC" АҚ KZ1C34930012 (KZ1C00000959, KEGC) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 12.12.14/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 
шешімімен KASE қайталама нарығы секторында "KEGOC" АҚ (Kazakhstan 
Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" (Астана, тақырыптамада - 
"KEGOC" АҚ) KZ1C34930012 (KZ1C00000959; KASE ресми тізімі, "рейтингілік 
бағалауы бар борыштық бағалы қағаздары" санаты, KEGC) 
облигацияларымен сауда-саттық ашылды.

KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің 
дәлдігі акцияның номиналды құнынан қазақстандық теңгемен көрсетілген 
ондық таңбаның екінші таңбасына дейін деп белгіленді.

Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне бірінші санаты бойынша 
2014 жылдың 03 қарашасынан бастап енгізілген.

Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE интернет-
сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kegc мекен-жайы бойынша 
жарияланған.

[2014-12-19]