Биржалық симулятор: 01-19 сәуір аралығында сауда-саттық көлемі 5,7 млрд теңгеге жетті

22.04.24 10:30
/KASE, 22.04.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 01 сәуірі мен 31 мамыры аралығында Қазақстан қор биржасы (KASE) "Биржалық симулятор" жобасы шеңберінде оқу сауда-саттығын өткізеді. Үш аптаның қорытындысы бойынша (01-19 сәуір аралығында) сауда-саттық көлемі 5 735,7 млн теңгеге жетті. Көрсетілген кезеңде мәмілелердің орташа тәуліктік көлемі 382,3 млн теңгеден асты. Бір қатысушы жасаған мәмілелердің ең көп саны мен ең көп көлемі тиісінше 978 және 819,0 млн теңгені құрады. Төменде 2024 жылдың 01-19 сәуірі аралығында құралдар бөлінісінде жасалған барлық мәмілелер бойынша ақпарат берілген: ------------------------------------- Мәмілелер Көлемі, Сауда-саттық коды саны млн теңге ----------------- --------- --------- ASBN 1 639 1 219,4 KSPI 1 105 1 049,8 FHJIds 597 918,8 HSBK 591 523,8 KZTO 446 379,7 KCEL 433 352,7 CCBN 335 331,1 KZTK 321 281,4 BAST 250 212,7 KZAP 296 175,2 KEGC 332 174,0 RAHT 227 87,9 IE_FXBF 133 14,6 KMGD 269 10,6 BSUL 89 4,0 ----------------- --------- --------- Барлығы 7 063 5 735,7 ------------------------------------- Қазіргі уақытта "Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін 6 701 қатысушы тіркелді. Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын арттыру болып табылады. "Биржалық симулятор" жобасы туралы қосымша ақпарат мына мына сілтеме бойынша қолжетімді https://kase.kz/ru/events/show/2024/KASE_simulator_2024_ru/ [2024-04-22]