01 маусымнан бастап Маркет-мейкерлер қызметінің ережелеріне енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

22.04.24 16:24
/KASE, 22.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) Басқармасының 2024 жылдың 17 сәуіріндегі шешімімен 2024 жылдың 01 маусымынан бастап қолданысқа енгізілетін "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына № 21 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді. Түзетулермен репо операциялары нарығындағы маркет-мейкерлер үшін келесі шарттар айқындалды, олардың заттары ретінде қатысудың клирингтік сертификаттары (КҚК) бір күн мерзімге қызмет етеді: - баға сатуға немесе сатып алуға арналған баға белгілеуді қолдаудың ең аз көлемі 1,0 млрд теңгені құрайды; - баға спрэдтің максималды мөлшері – сатып алуға және сатуға баға белгілеу кезінде кірістіліктің 1,0 %. Бұл ретте, маркет-мейкерге міндетті баға белгілеулерді бір бағытта жариялауға және қолдауға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда спрэд TONIA индикаторының соңғы мәнінен 1 п.т. аспауы керек; - жиынтық күнделікті минималды көлем – қосымша міндеттемелерді қолдамау мүмкіндігімен міндетті баға белгілеудің минималды көлемінің 5 еселенген мөлшері. Репо операциялары бойынша маркет-мейкер бір күн мерзімге 75 % мөлшерінде комиссиялық және клирингілік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер беретін болады. Маркет-мейкер КС-пен репо операцияларының көлеміне бір күн мерзімге 300,0 млрд теңге мөлшерінде жеткен кезде аталған алымдарды төлеу бойынша 100 % мөлшерінде жеңілдік беріледі. Бұл ретте, маркет-мейкер сауда-саттық сессиясы барысында өз міндеттерін бұзған жағдайда, KASE-тің осы мүшесі осы ссессиясы барысында жасалған мәмілелер бойынша Биржаның комиссиялық алымдарын төлеу бойынша жеңілдікке құқығын жоғалтады. Маркет-мейкер өз міндеттерін бұзған жағдайда осы KASE мүшесіне мынадай санкциялар қолданылады: - бір күнтізбелік ай ішінде міндеттерін бірінші рет орындамағаны үшін жарна KASE мүшесі осы сауда-саттық сессиясы барысында жасалған мәмілелер бойынша комиссиялық алымдарды төлеу бойынша жеңілдікке құқығын жоғалтады; - маркет-мейкердің міндеттерін орындамаған кейінгі жағдай үшін KASE бір күнтізбелік ай ішінде KASE мүшесін маркет-мейкер мәртебесінен айыруға құқылы. Ережелердің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Сауда-саттық" – "Маркет-мейкерлер"). [2024-04-22]