24 сәуірден бастап "Сапфир Инвест" ЖШС KZ2P00011133 (SAPHpp1) облигациялары KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізіледі

23.04.24 16:28
/KASE, 23.04.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 22 сәуірінде "Сапфир Инвест" ЖШС (Алматы) KZ2P00011133 (SAPHpp1; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге, 2 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 25,00%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілк комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 24 сәуірінен бастап өз күшіне енеді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/bonds/show/SAPHpp1/ [2024-04-23]