"Эйр Астана" тобы FlyArystan басқаруындағы өзгерістер туралы хабарлайды

25.04.24 12:42
/KASE, 25.04.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Эйр Астана" АҚ (Алматы) 2024 жылдың 25 сәуіріндегі баспасөз мәлімдемесін KASE-ге ұсынды, онда былай деп хабарланады: дәйексөздің басы "Эйр Астана" тобы ("Топ"), кірісі мен әуефлоты көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ өңіріндегі ең ірі әуекомпаниялар тобы, Топтың еншілес бюджеттік бөлімшесі FlyArystan компаниясының президентi Адриан Хэмильтон-Маннс отбасымен көбірек уақыт өткізу үшін компаниядан кетіп, Оңтүстік Африкаға оралу туралы шешім қабылдағанын хабарлайды. Ричард Леджер 20 мамыр дүйсенбіден бастап FlyArystan және "Эйр Астана" тағайындаулар комитеті мен директорлар кеңестерінің жарғылық ережелеріне сәйкес және міндетті реттеу рәсімдеріне сәйкес тұрақты тағайынға дейін президент міндетін атқарушысы болып тағайындалады. Хэмильтон-Маннс мырза мамыр айының соңына дейін FlyArystan-да болып, істер мен қызметін Леджер мырзаға тапсыратын болады. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_250424_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_250424_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_250424_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-04-25]