Биржалық симулятор: 01-26 сәуір аралығында сауда-саттық көлемі 7,7 млрд теңгеге жетті

29.04.24 10:36
/KASE, 29.04.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 01 сәуірі мен 31 мамыры аралығында Қазақстан қор биржасы (KASE) "Биржалық симулятор" жобасы шеңберінде оқу сауда-саттығын өткізеді. Үш аптаның қорытындысы бойынша (01-26 сәуір аралығында) сауда-саттық көлемі 7 655,6 млн теңгеге жетті. Көрсетілген кезеңде мәмілелердің орташа тәуліктік көлемі 382,7 млн теңгеден асты. Бір қатысушы жасаған мәмілелердің ең көп саны мен ең көп көлемі тиісінше 978 және 1 468,0 млн теңгені құрады. Төменде 2024 жылдың 01-26 сәуірі аралығында құралдар бөлінісінде жасалған барлық мәмілелер бойынша ақпарат берілген: ------------------------------------- Мәмілелер Көлемі, Сауда-саттық коды саны млн теңге ----------------- --------- --------- ASBN 1 774 1 371,7 KSPI 1 309 1 368,9 FHJIds 670 1 047,4 HSBK 739 804,3 CCBN 475 572,2 KZTO 526 515,0 KCEL 554 504,3 KZAP 418 379,9 KZTK 361 351,4 KEGC 434 344,5 BAST 276 218,4 RAHT 267 134,5 IE_FXBF 151 25,3 KMGD 304 13,9 BSUL 100 4,1 ----------------- --------- --------- Барлығы 8 358 7 655,6 ------------------------------------- Қазіргі уақытта "Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін 6 720 қатысушы тіркелді. Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын арттыру болып табылады. "Биржалық симулятор" жобасы туралы қосымша ақпарат мына мына сілтеме бойынша қолжетімді https://kase.kz/ru/events/show/2024/KASE_simulator_2024_ru/ [2024-04-29]