"Эйр Астана" АҚ-ның акционерлердің ұлттық тиесілігі туралы ақпаратты ашуы туралы талабы

29.04.24 15:25
/KASE, 29.04.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Эйр Астана" АҚ (Алматы) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 29 сәуірдегі баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы "Эйр Астана" акционерлік қоғамы ("Қоғам"), "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339–IV Қазақстан Республикасы Заңының ("Әуе кеңістігін пайдалану туралы заң") 74-1-бабының және Қоғам Жарғысының 8.1- бабының ережелерін басшылыққа ала отырып, осы талапты жіберу (жариялау) арқылы 2024 жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша Қоғамның жай акцияларын және (немесе) Қоғамның жай акцияларына қатысты құқықтарды куәландыратын жаһандық депозитарлық қолхаттарын ("ЖДҚ") иеленетін әрбір адамнан ("Акционер") Қоғамға акционердің өзінің азаматтығы (инкорпорация елі), сондай-ақ осы талаптың қосымшасына сәйкес "Акционердің түпкі меншік иелері көрсетілген мәліметтер" нысаны бойынша осындай акционерге қатысты бақылауды жүзеге асыратын түпкі меншік иелерінің азаматтығы туралы ("Ұлттық тиесілігі туралы ақпарат").. "Акционердің түпкі меншік иелері көрсетілген мәліметтер" нысанын толтыру мысалы Қоғамның интернетресурсында келтірілген: https://ir.airastana.com/ru Акционер Қоғамға Ұлттық тиесілігі туралы ақпаратты 2024 жылғы [24 мамырдан] кешіктірмей қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде Қоғамның электрондық поштасына жіберуге тиіс: investor.relations@airastana.com дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_290424_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_290424_None.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_290424_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-04-29]