30 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Intel Corporation US4581401001 (INTC_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

29.04.24 17:33
/KASE, 29.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 30 сәуірiнен бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 07 мамырына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Intel Corporation (АҚШ) US4581401001 ("KASE Global" секторы, INTC_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 07 мамырында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 13 мамырынан бастап қайта басталады. [2024-04-29]