30 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Bank of America Corporation US0605051046 (BAC_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

29.04.24 17:37
/KASE, 29.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 30 сәуірiнен бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 07 маусымына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Bank of America Corporation (АҚШ) US0605051046 ("KASE Global" секторы, BAC_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 07 маусымында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 10 маусымынан бастап қайта басталады. [2024-04-29]